Вашингтонда коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтонда коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты соң төтенше жағдай жарияланды.
Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли аймақта коронавирустың тарауына және АҚШ-та алғашқы өлім тіркелгеннен кейін төтенше жағдай режимін жариялады.Мемлекеттік органдарға COVID-19 вирусының тарамауы үшін барлық жағдай жасау тапсырылды.
Бұдан бөлек штат билігі Ұлттық гвардияны да күреске қосуы мүмкін.
Президент Дональд Трамп АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған адам 60 жасқа жақындаған және "ол медициналық тәуекелі жоғары науқас" болғанын хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: 28 млн теңгеге арнайы санитарлық жабдықтар алынды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы