Вашингтон мен Нью-Йоркте "АҚШ пен Иран соғысына" қарсы шеру өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтон және Нью-Йоркте Иранмен қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді талап еткен манифестанттар шеруге шықты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Вашингтонда бейсенбі кешке "Соғыс болмасын!" деп жиналған белсенділер Капитолия ғимаратының алдына жиналды. Акцияның бірнеше қатысушысы түрмеге қамалғанардың киімі сияқты қызғылт сары күртеше киіп, АҚШ-тың туын төмен қаратып ұстап тұрды. Оларға қосылған ардагер "флотта қауіп күшейгенде осындай белгі берілетінін" айтты. Қазіргі жағдайда шеруге шыққандар бүкіл елге қауіп төніп тұр дегенді меңзейді.Сонымен қатар, Нью-Йоркте де жүздеген адам Төмен Манхэттендегі Муниципиалдық орталық алдына жиналды.
Пацифистік ұйымдар (қандай да болмасын соғыс атаулыға қарсы ұйымдар – ред.) коалициясы ел бойынша 200-ден астам шара ұйымдастырмақ. Вашингтон мен Нью-Йорктегі шеру солардың алғашқылары болды.
Шеру тыныш, құқыққорғау органдарымен еш қақтығыссыз өтті.
Сеулде де "АҚШ пен Иран соғысына" қарсы митинг болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропада патриот ретінде Қазақстанға пиар жасауға міндетті емес шығармын – отандық футболшы
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы