Варшавада қазақстандық филолог марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адам Мицкевич атындағы Познань университетінің Шығыстану институты түркітану кафедрасының профессоры Гүлайхан Ақтайды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Марапаттау рәсімі барысында Қазақстанның Елшісі Әлім Қирабаев шетелде қазақ тілі мен қазақ мәдениетін насихаттау, екі ел арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын кеңейтуге үлес қосқан үшін профессор Гүлайхан Ақтайға ризашылығын білдіріп алдағы уақытта шығармашылығына табыс тіледі.
Өз кезегінде, профессор ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс сөздерін білдіріп, қазақ тілінің дамуы мен рөлін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы