Варна қаласындағы көшелердің біріне Абай есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгариядағы Варна қаласындағы көшелердің біріне Абай есімін берді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының 175-жылдығына орай Қазақстанның Болгариядағы елшілігінің ұсынысымен Варна қаласының әкімшілігі және қауымдастық кеңесі (мәслихат) қала көшелерінің бірін Абай Құнанбайұлының құрметіне атау туралы шешім қабылдады.
Оның ресми ашылуын 2021 жылдың басында болгариялық заңнамамен бекітілген тиісті формальдық рәсімдерді аяқтағаннан кейін өткізу жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртау мұражайы ерекше экспозициялар дайындады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы