Вандализм: Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген азамат қамауға алынды
Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мәдени мұра нышанын қорлау
Елордада Сығанақ көшесіндегі аллеяда 49 жастағы ер адам конструкцияны сындырған және Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған.
Ол өз әрекетімен қоғам мен мәдени құндылықтарға ашық түрде құрметсіздік танытып, көрнекті тарихи тұлғаның рухына нұқсан келтірді. Мұндай қадам қоғамда наразылық тудырып, мәдени мұра нышанын қорлау ретінде бағалануы мүмкін, - дейді полицейлер.
Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды.
Полиция азаматтарға ескерту жасады
"Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында елордалық полиция вандализмнің алдын алуға және бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударады.
Жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікті әдейі бүлдіруге бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді, - деп жазылған хабарламада.
Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, құқық бұзушылықтар туралы "102" арнасына дереу хабарлауға шақырды.
- Степногорскіде прокуратура дәрігердің қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады 20:45
- «Мұсылман елдерінің НАТО-сы» құрылып жатыр. Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістанның жаңа әскери одағы нені өзгертеді? 20:44
- «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Атырауда еңбек ұжымдарымен кездесті 20:30
- Абай облысында Аустралия университетінің филиалы ашылуы мүмкін 20:06
- Ауылға қаржы, жастарға мүмкіндік: «Ауыл» партиясы Павлодарда қандай ұсыныстар айтты 20:00
- GPS, іздер және фототұзақтар: «Іле-Балқаш» резерватында Үміт есімді жолбарыс қалай бақылануда? 19:45
- Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті 19:28