Вандалдар Гандидің мүрде күлін ұрлап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Махатма Гандидің мемориалынан оның мүрде күлін ұрлап әкетті. Бұл туралы India Today басылымы хабарлады.

1948 жылы Ганди өлімінен соң оның мүрдесі өртеніп, күлін бірнеше бөлікке бөліп сақтаған. Соның бірі Мадхья-Прадеш штатындағы мемориалда сақталған. 

Ұрлық Гандидің 150 жылдығын тойлау кезінде орын алған. Жергілікті кеңес басшысы Гурмит Сингх «ұлт әкесіне» құрмет көрсетуге келгенде мемориалдағы мүрде күлінің ұрланғанын байқаған. Оны ұрлап әкеткен вандалдар мемориалдың кіре берісіне «ұлт сатқыны» деп жазып кеткен.

«Бұл Гандиді өлтірген Натхурама Годзені жақсы көретіндердің ісі. Бұл өшпендік дереу тоқтатылу керек және полиция жедел әрекет етіп кінәлілерді ұстауы қажет», - деді Сингх.

Мохандас Карамчанд Ганди — Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының идеологы. Үнділердің тәуелсіздік жолындағы күресінде Ганди зұлымдыққа қарсылық көрсетпеу туралы уағыздады. Ол британ колониясынан құтылу үшін бейбіт шеру мен түрлі акциялар жүргізу арқылы миллиондаған үнділікті көшеге алып шықты. 

1948 жылдың 30 қаңтарында Ганди ұлттық-радикал Натхурам Годзенің қолынан қаза тапты. Годзе өлім жазасына кесіліп, 1949 жылдың қараша айында үкім орындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы