Вандалдар ардагерлерге арналған ескерткішті бүлдірген

Ақмола облысы Зеренді ауылында вандалдар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткішті қорлап, бүлдірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sinegor.kz хабарлауынша, белгісіз адамдар ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті далаппен бояп, оның қаптама бөлігін бұзған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті.

Мұны көріп, жағамызды ұстадық. Мұндай әрекетке қалай баруға болады, – делінген видео сипаттамасында.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша Зеренді ауданында сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Зеренді ауылындағы Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арналған ескерткішті вандалдардың қорлағаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыс жасаған тұлғаларды анықтап жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы