Тоқаев Valmont Industries компаниясының бас директорын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Valmont Industries компаниясының президенті, бас директоры Cтив Каневскиді қабылдады. Бұл туралы ақорданың ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіп саласына мамандандырылған компаниямен өзара тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Cтив Каневски Valmont Industries компаниясының бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Америкалық кәсіпкер Қазақстан Орталық Азиядағы барлық мүдделі құрылымдарға кәсіпорынның қызметін ұсыну үшін көпір болатынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы