Вакцина салу инфекциялық қатерді төмендетеді – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Вакцина салудың пайдасы бар және ол қатерді барынша азайтады. Бұл туралы "Астана" медициналық университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты педиатр-дәрігер Марина Моренко пікір білдіру кезінде айтты.
Университеттегі балалар ауруы кафедрасының меңгерушісі ретінде әрі 30 жыл педиатрлық тәжірибеме сүйене отырып вакцина салудың пайдасы бар екенін айтқым келеді. Бүгін Сенатта айтылған вакцина салу жөнідегі көптеген ғылыми-зерттеу жобасының нәтижесі мені таңғалдырды, оларға объективтілік тұрғысынан қарау керек сияқты. Екпе тәуекелдерді барынша азайтады. Бұл - менің жеке пікірім, - дейді профессор.Дәрігер соңғы 10 жылдағы жағдайға көз салсақ, елдегі инфекцияның таралу жағдайы тұрақты деп танылғанын айтады.
Егер 10 жылдай уақыт аралығындағы Қазақстан Республикасындағы вакцина салу арқылы басқарылған инфекциялардың жағдайына назар аударсақ, ол тұрақты деп сипатталады, ал шетелге барғанда біз бұл тұрғыдан тек жағымды пікірлер естиміз, - дейді ол.
Сондай-ақ ол екпе салу жөніндегі күнтізбе біз қолжеткізген үлкен жетістігіміз екенін білдірді. Соның арқасында үлкен сапаға жеткізіп отырмыз.
Екпе күнтізбесі бұл әлемдік ең сәтті тәжірибенің бірі. Оның үстіне бізде оның алуан түрі бар. Дегенмен, вакцина салу күнтізбесі инфекциялардың қазіргі эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып жасалған, - дейді Марина Моренко.Сөз арасында ол кең ауқымда екпе салу арқылы бүгінгі таңда дифтерия, полиомиелит сияқты проблемалар бізде кездеспейтінін айтты. Тек 2010 жылы бір жағдай ғана тіркеліпті. Одан бөлек қызамық, сіреспе аурулары сирек кездеседі екен. А және Б вирусты гепатит аурулары 7,8 және 8,4 есе төмендеді.
Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырсында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы Заң жобасы қаралды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы