Теңіз кен орнындағы вахта қызметкерінен Covid-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Covid-19 жұқтырған 40 жастағы әйел екені белгілі болды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 1970 жылғы әйел Теңіз кен орнында "ТШО" ЖШС мердігерлік ұйымдарының бірінде жұмыс істейді, Ватернас вахталық лагерінде тұрған. Қазіргі уақытта ол инфекциялық изоляторға жатқызылып, жауапты органдар науқаспен байланыста болғандарды анықтады. Қарым-қатынаста болғандарды карантиндік стационарға оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Коронавирустық инфекцияның табылу фактісі өндірістік жұмыстарға әсерін тигізбейді, ТШО компаниясында өз жұмысшыларын қорғау мақсатында барлық жұмыстар ұйымдастырылған. Теңіз кен орнындағы барлық жұмысшы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді, дезинфекция жұмыстары барлық нысанда жүргізілуде, "ТШО" ЖШС кіреберістеріне төрт санитариялық пост орнатылды, - деді компания басшылығы.
Айта кетсек, Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 8 сәуір күні таңертең тағы төрт адамнан Covid-19 анықталды.

 Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дертке шалдыққандар арасында  21 және 23 жастағы екі қыз, 37 және 40 жастағы әйелдер бар.
 
Covid-19 жұқтырғандардың   бұрын  коронавирустық инфекциясы бар адаммен  байланыста болғаны расталды,-  деп мәлімдеді облыстық Денсаулық сақтау қызметі.

 Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы