Вакциналауға қарсы адамдардың ғылым мен медицинаға еш қатысы жоқ — иммунолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова Алматы қаласының _ңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында иммунолог міндетті екпелердің қазақстандық күнтізбесі әлемдегі үздіктердің бірі екенін айтты. 

Мұны әлемдік ғалымдар қауымдастығы атап өткен.

Біздің еліміздегі барлық міндетті екпелер (мемлекеттік емханада немесе жеке емханада) бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады. Олардың тізімі Үкімет қаулысымен бекітілген.

Тегін екпелер:
• туберкулезден (БЦЖ),
• гепатитке қарсы,
• полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспеге (АКДС),
• b түріндегі гемофильді инфекция,
• сонымен бірге пневмококк инфекциясынан вакцина,
• қызылша, қызамық және паротитке қарсы.

Біздің күнтізбе бүкіл әлемнің озық тәжірибесін қамтиды. Мемлекет вакцинаға көп ақша жұмсауда. Жасалуы керек вакциналардың толық тізімі бар. Олардың ішінде тұмау, желшешек, кене энцефалиті, қызылшаға қарсы екпелер бар. Сондай-ақ, оңтүстік-шығыс Азия елдеріне, Африка және Араб елдеріне баруды жоспарлап отырғандарға, сондай-ақ эпиджағдайға қарай егілетін екпелер бар, — деді Эльмира Битанова.

Эльмира Битанова коронавирусқа қарсы вакцина туралы айта келіп, алматылықтарды өз ағзасындағы антиденелер санын қадағаламауға шақырды. Себебі бұл халыққа жалған қорытынды беруі мүмкін. Антиденелері болған кезде адамдар «босаңсып», эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтауды қояды. Кафедра меңгерушісі қалалықтарға иммунограмма, антиденелер нәтижелерін өз бетінше түсіндірудің қажеті жоқ екендігін, ол үшін емдеуші дәрігерге жүгіну керектігін атап өтті.

Ғалымдар вакциналаудан кейін иммунитет 2-3 сақталады деген болжам жасап отыр. 

Бұл ретте иммунолог Н. Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы қызметкерлерін мысалға келтірді, олар өздері әзірлеп жатқан вакцинаны осыдан бір жарым жыл бұрын сынақтан өткізіп, өздеріне салдырған. Антиденелер мөлшері оларда осы күнге дейін сақталған. Оның үстіне, бұл жай ғана дәлелденген антиденелер емес, бұлар протективті, вирус бейтараптандырады.

Осыған байланысты Алматы иммунологы халыққа вакцинация алуға, сондай-ақ, не ғылымға, не медицинаға еш қатысы жоқ вакцинацияға қарсы адамдарды тыңдамауға шақырды.

Бүгінде Алматыда 203 пункт, ал оларда 1809 медицина қызметкерінен тұратын 406 егу бригадасы жұмыс істейді. Қала бойынша 1 ақпан мен 18.04.21 аралығында барлығы 134 484 адам вакциналанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы