Вакциналау тәртібіне өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 30 сәуірдегі №17 қаулысы бойынша вакциналау тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі, – деп жазылған қаулыда.
Құжат 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гандболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы