Вакцинаға қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram-чаттарда COVID-19 қарсы қытайлық Sinovac вакцинасын қазақстандық әзірлеме ретінде ұсынады деген пікір талқылануда. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Пайдаланушылардың айтуынша, препаратты елімізге Қытайдан әкеліп, оның жапсырмаларын ауыстырады екен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл тұжырымдарды жоққа шығарды.
Теория теледидарда шыққан жаңалықтардың бірінде қазақстандық вакцинаны бірден QazVac және QazСovid-in деп екі аталуына негізделген. Шын мәнінде, бұл екеуі бір препарат. Бастапқыда оны QazСovid-in деп атаған, бірақ кейін QazVac деп өзгерткен. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында айтылды.
QazVac вакцинасы белсенді емес вирус платформасында жасалған. Бұл технология бұрыннан белгілі және тұмау, оба, тырысқақ, полиомиелит, дифтерия және басқа да қауіпті ауруларға қарсы вакциналарды әзірлеуде қолданылады.
Қазір отандық препарат клиникалық сынақтардың соңғы, үшінші кезеңінен өтуде. Оған үш мыңнан астам ерікті қатысуда. Аралық сынақ нәтижелеріні оң нәтиже берді. Қазақстандық вакцинамен егілген еріктілерде антиденелер титрінің өсуі байқалады, бірінші вакцинациядан кейін 16-дан 128-ге дейін (СГТ=32.0), екінші вакцинациядан кейін 128-ден 2048-ге дейін (СГТ=618.5).
Қытайлық вакцинаны қазақстандық әзірлеме деп ұсыну мүмкін емес, өйткені Sinovac препараты біздің елге жеткізілмейді.
Елімізде Sinovac вакцинасы әлі жоқ, бірде-бір жеткізілім жүзеге асырылған жоқ. Тиісінше, қазақстандықтар онымен егілмейді. Қазіргі кезде Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасы қолданылуда. 26 сәуірден бастап отандық QazVac препаратымен вакцинациялау басталады, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.
Демек, Қытай өндірілген препарат отандық вакцина деп ұсынылатыны туралы тұжырымдар жалған. Елімізде қытайлық Sinovac препараты жоқ, ал отандық вакцинаның әзірленуі мен клиникалық сынақтары туралы соңғы мәліметтер ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында үнемі жарияланып тұрады.