Вакцинадан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың ақпан айынан бастап халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау басталды.
КВИ-ға қарсы вакцина ретінде Ресейдің эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Sputnic V» вакцинасы қолданылады. Аталған вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында орналасқан. Күні кеше әлемдік медициналық ғылыми журналдардың бірі «The Lancet» журналы вакцинаның коронавирусқа қарсы тиімділігі 91,6%-ды құрайды деп хабарлады. Маңызды атап өтетін жайт, вакцинадан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады. Әсіресе, коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдарына қарсы тұра алатынын ерекше атап өту керек, - деді Қиясов.
Ол «Sputnik V» өндірушілері вакцинаның коронавирустың орта және өте ауыр түрлерінен 100 пайыз қорғайтынын айтқанын тілге тиек етті.
Вакцинациялау вакцинаның жеткізілуі мен тұрғындардың эпидемиологиялық маңыздылық деңгейіне қарай жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізу туралы методикалық кеңестер мен вакцинаны жеткізу кезінде оны сақтау бойынша регламент құрастырды. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодекстің 77-бабының 18-пунктіне сәйкес вакцинация тұлғаның келісімімен және мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы бойынша тегін жүргізіледі, - деп атап өтті бас санитар.
Ерлан Қиясов брифинг барысында вакцинаны алғаннан кейін жағымсыз салдар туындаған жағдайда кімнің жауапты болатынына да тоқталды.
Вакцинаны алғаннан кейін жағымсыз салдар туындаған жағдайда процестің барлық қатысушылары жауап береді: өндірушіден бастап медициналық мекемелерге дейін. Сонымен қатар, өңірлердегі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының жанынан сараптамалық топтар құрылды, олардың құрамына бейінді мамандар кірді. Қолайсыз салдар пайда болған жағдайда, осы комиссиялар тергеу жүргізеді және одан әрі ҚР заңнамасына сәйкес шара қабылдайды, - деді ол.
Раушан Арманқызы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы