Вакцинациялаудың екінші кезеңі бойынша Алматыға 10 мыңнан астам екпе дозасы жеткізілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 1 наурызы күні Алматы қаласына вирусқа қарсы 10 800 доза вакцина жеткізіліп, екінші кезең басталған. 

Вакцина салу бойынша 15 емханаға қосымша тағы 24 медициналық ұйым қосылды. Осылайша, екінші кезеңге 39 емхана жұмыс жасауда. «Қауіпті аймақтағы» медициналық қызметкерлер вакцинацияларды қабылдауда. Бүгінгі таңда 380 медицина қызметкерлеріне вакцина егіліп үлгерді,-деді ол.

Жиын барысында ол өкінішке қарай Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысқанын айтты. 

Сол себепті карантиндік ережелер мен нормаларды сақтау қажеттігін тағы да еске салғым келеді, бетперде кию, өз денсаулығы үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармау, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Әрбір алматылық қаланың «жасыл» аймақта болуына және коронавирус инфекциясын жұқтырмауға жауапты,-дейді Лаура Мырзағали.

2021 жылдың  1 ақпанында қалалық емханаларға Спутник-V вакцинасының 1750 дозасы жеткізілген еді. Яғни, бірінші кезең бойынша қаладғы 1750 медицина қызметкерлері вакцина салдырды. Тек, 3 медицина қызметкері вакцина алудан бас тартқан. Ревакцинация 22 ақпанда басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Вакцинаның екінші компонентін1379 қызметкер қабылдаған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы