Вакцинациялау процесі қалай жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында наурыз айынан бастап мұғалімдер коронавирустық инфекцияға қарсы екпе қабылдай бастады.
Вакцина алдымен тұрғындармен тығыз байланыста болатын вирус жұқтыру қаупі жоғары ақпан айында дәрігерлер, наурыз айынан бастап мұғалімдер және полицейлерге салына бастады.
Вакцина салу барысы қалай жүргізілетінін, дәрігерлердің дайындығы қандай екенін білу мақсатында елордадағы №13 емханаға барған едік.
13 емханада вакцинаға жауапты арнайы адам бөлінген. Вакцина емхана астында орналасқан қоймада сақталған. Вакцина салатын күні жауапты адам вакцинаның көлемін, сериясын, жарамдылық мерзімін барлығын қарап, оны термомұздатқышқа салады. Оның температурасы шамамен -18 градустан төмен болмауы тиіс.
Вкцинаның бір дозасын бес адам алу керек. 5 адам жиналған кезде вакцина ашылады. Ашылған вакцина 2 сағатқа жарамды. Екі сағат өтіп кетсе, вакцина жарамсыз болады. Егер қандай да бір себептермен 4 адам келіп, біреуі келмей қалса, вакцина төгіледі. Бірақ бүгінгі күнге дейін ондай жағдай болып көрмепті.
Вакцина салмас бұрын оны салдыртатын адам бірінші дәрігерден толық тексеруден өтеді. Қан қысымы, дене қызуы, тұмаумен немесе басқа да аурумен қашан ауырғандығы, қандай да бір препараттарға аллергиясы бар-жоғы, тыныс алуын және жүрек-қан тамырлары жүйесін, ауыз қуысын тексереді, эпидемиологиялық анамнез нақтыланады, тексеріледі.
Вакцинацияға тек екпеге қарсы көрсеткіші жоқ қызметкерлер ғана кіргізілді.
Вакцина алатын адам екпеден кейін қандай да бір реакция болуы мүмін екені жөнінде және вакцинадан кейін не істеуге болмайтындығы туралы айтылып, толық ақпарат беріледі.
Кейін екпе алатын адам вакцина салатын кабинетке кіреді.
Ол кезде де дәрігер келген адамның құжатын алып, барлық мағлұматтарды толтырып. Аты-жөні, ЖСН-ін сұрап, құжат бойынша сәйкес келетіндігін анықтап алады. Құжат толтырып болған соң, дәрігер мінедетті түрде қолын қайта жуып, дезинфекциялап келеді.
Кейін қолына медициналық қолғап киіп, вакцина салғызуға келген адамның көзінше вакцинаны ашып, таныстырып, көрсетеді. Тіпті вакцина салатын иненің өзін таныстырып, оның көзінше ашады.
Ең алғышқа болып вакцина салдыртқан 30 мектепте инженер-лаборант болып жұмыс істейтін Жәнібек Мерсейітовтен өзін қалай сезінгені туралы сұрап білген едік.
Бізге нақты нұсқама берілді және алдағы 3 күнде болуы мүмкін симптомдар туралы түсіндірді. Инені қалай салғанын да сезбей қалдым. Басым да айналмады. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Қазір басқа кабинетке барып, жарты сағат күту керек, - деп вакцина салғаннан кейінгі әсерімен бөлісті.
Вакцина салып болған соң, оны күту бөлмесіне апарады. Ол жерде тағы бір медицина қызметкерінің бақылауында жарты сағат отырады.
Емханамызда осы вакцина жайлы 16-17 семинар өткіздік. Сонымен қатар, практика жұмыстарын да өткізген болатынбыз. Содан кейін қызметкерлеріміз аттестаттаудан өтті. Біздің емханада осы вакцинациялау жұмыстарына 9 адам бекітілді. Оның ішінде 3 дәрігер, 3 мейіргер және екпе бөлімінің 3 мейіргері бар. Вакцина салған адамды дәрігерлер 3 күн бойы телефон шалып, жағдайын біліп, қадағалап отырады. Егер адам жылдың басында тұмауға қарсы вакцина алған болса, онда бір айдан астам уақыт өткеннен кейін ковидқа қарсы вакцинаны алуына болады. Егер адам ковидпен ауырып тұрған болса, онда вакцина алты айдан кейін салынады, - дейді эпидемиолог Наргиз Аузатқызы.Вакцинациялау жөнінде ойын білу үшін мектеп басшысы Әзімханова Сәуле Мыншалқызын сөзге тартқан едік.
Бүгін жоспар бойынша ұжымнан бес адам болып вакцина алуға келіп отырмыз. Жұмыстан бес-бес адамнан босатылып, жіберіліп отыр. Ертең де бес адам келеді, кеше де бес адам болған. Вакцина нарықта өзін жақсы көрсетіп жатыр. Балалармен жұмыс істегеннен кейін мектептің мұғалімдері жеке денсаулығын қадағалауы керек. Халықпен жұмыс істегеннен кейін көп адам келеді. Ата-аналар балаларын еш қорқынышсыз мектепке жіберу үшін де вакцина алу қажет. Денсаулығың жақсы болса, жұмысың да жақсы жүретін болады. Ондай мұғалімге балалардың да сенімі артады. Ал енді әр нәрседен сескеніп, қорқақтап отырған мұғалім толыққанды сабақ та бере алмайды, - дейді мектеп басшысы.
Сәуле Мыншалқызы денсаулығына байланысты вакцинаны кейінге қалдырған ұстаздар да болғанын айта кетті.
Әріптестеріміздің арасынан ең бірінші болып келген алдыңғы қатарлы мұғалімдер болды. Басында тізімге жазылыңыздар, өз еріктеріңізбен, кімнің вакцина алғысы келеді деп айтқан едік. Екі-үш күннен кейін тізім толығып қалыпты. Сабағы да жақсы, жұмысы да ілгері, шығармашылықпен де айналысатын мұғалімдердің барлығы өтіпті. Емханаға келіп, вакцина ала алмай кеткен мұғалімдер болды. Бірінің дене қызуы болған, бір-екі адам жақында ғана тұмаумен ауырған екен, оларға уақыт өтсін деді. Қан қысымы жоғары болып тұрған ұстаздарға да вакцина салынбай кері қайтарылды. Олар енді денсаулықтары дұрысталған соң келеді, - деді ол.
Бұл жағынан вакцина алар алдында барлығын жіті тексеріп отырған дәрігерлердің еңбегін бағалауымыз керек.
Ең бірінші адамда жауапкершілік болу керек. Өзінің ғана емес, басқа адамдардың да денсаулығына бей-жай қарауға болмайды. Барлығы біз үшін жасалып жатыр. Зерттелді, қарастырылды. Басқа мемлекеттерге қарағанда біздің жағдайымыз Құдайға шүкір. Тегін, қаншама қаржы жұмсалып, біздің денсаулығымызды сақтап қалу үшін жасалып жатқан шара деп қабылдау керек, - деді мектеп басшысы.
Дәрігерлер вакцина салған соң жергілікті реакция болуы мүмкін екендігін айтады. Немесе дене қызуы сәл көтерілуі мүмкін. Вакцина салдыртқаннан кейін 3 күн суға түсуге болмайды. Ауыр зат көтеруге де болмайды. Егер үш күн ішінде дене қызуы көтеріліп, адам өзін нашар сезінсе, 103-ке қоңырау шалып, хабарлау керек. Не болмаса, жергілікті тіркеуде тұрған емханаңызға хабарласасыз.
Дәрігердің айтуынша, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ЖРВИ симптомдары бар, сонымен қатар соңғы 6 айда коронавируспен ауырған азаматтарға екпе салынбайды.
Екпе жасалғаннан кейін 3 күн бойы моншаға баруға, яғни екпе орнын сулауға болмайды. Спирттік ішімдік ішуге және ауыр жұмыс істеуге де тыйым салынған.
Әр вакцина алған адамға жадынама беріледі.
Жарты сағат өткен соң, вакцинадан кейін өздерін қалай сезініп отырғанын білу үшін мектеп басшысына келдік.
Вакцинаны алғанымды сезбей қалдым. Өзімді жақсы сезініп отырмын. Өзім соңғы рет қызылшадан вакцинаны 11 жыл бұрын алғанмын. Негізі менің денсаулығым жақсы, - деді мектеп директоры.
Естерiңiзге сaлсaқ, вaкцинaция кезең-кезеңiмен жүргізілуде. Бiрiншi кезеңде, коронaвирус инфекциясынa қaрсы вакцинаны инфекциялық aуруханaлардың дәрiгерлік, жедел медицинaлық жәрдем стaнциялaрының, жaнсaқтау бөлiмдерiнiң, aурухaнaлaрдың қабылдау бөлiмдерiнiң, сaнэпидқызмет және бaсқa дa бөлiмдердiң мaмaндaры қaбылдaды. 1 нaурыздaн бaстaп вaкцинaцияның екiншi кезеңiнде полицейлер мен мұғалiмдерге және медицинaлық ұйымдaрдың бaсқa дa бөлiмдерiнiң қызметкерлерiне екпе сaлынудa. Aл вaкцинaцияның үшiншi кезеңiнде созылмaлы aурулaры бaр және бaсқа дa сaнaттaғы aзамaттaр қaмтылaды.