Вакцинациялау барысы. Әлемдік ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір күнде 857 000 екпе. Өткен тәулікте Оңтүстік Корея осындай рекорд орнатты. Жалпы вакцина нәтижесі I-доза бойынша 16,4%. 

Бұған дейін, сырттан вакцина жеткізу бойынша туындаған мәселелер Оңтүстік Кореяның вируспен күресуіне тұсау болған еді. Қазіргі таңда жағдай тұрақталып, ел билігі жылдың алғашқы жартысында-ақ жоғары имунизацияға қол жеткізу мақсатында 52 миллион тұрғынның 70% -ын қамтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Қытай вакцинасы Азия елдеріне кең таралып отыр. Архипелагтар елі - Филиппин мемлекетінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы кезекті короновирус індетінің өршуіне қарсы жаппай вакциналау басталды. Ел үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары өз мысалымен үлгі көрсетіп, жұртшылық алдында жария түрде КВИ-ға қарсы екпе салдырды. Алдағы апталарда Филиппин мемлекетіне вакцинаның қажетті көлемі жеткізіледі деп күтіліп отыр. Осы елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігінің басшысы Эрик Доминго мемлекет қорында 9,3 миллион доза вакцина бар екенін мәлімдеді. Маусым айында тағы 11 миллион доза жеткізілмек.

АҚШ пен Ұлыбританияның әуе компаниялары өзара "ашық аспан" режимін енгізуді жоспалрлап отыр. Жасыл дәліз орнату екі тұрғындарын вакциналаудағы жоғары көрсеткішке қол жеткізудің нәтижесі. Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы жолаушылар тасымалының қалыпты жағдайға көшуі туристік маусымның ашылуына түрткі болмақ. Трансатлантикалық саяхаттың жандануы екі ел экономикасын қалыпқа келтіруге оң ықпал тигізеді.

Үндістан ел тұрғындарын жедел имунизациялауға кірісті. Қазірдің өзінде 235 миллион доза вакцина егілді. Ел премьер-министрі Нарендра Моди ұлтқа үндеуінде барша халық тегін вакцина алатынын жариялады. Жалпы алғанда Үндістанда 18 бен 45 жас аралығындағы 30 245 100 адам бірінші дозаны алған. Елдің халық тығыз қоныстанғанБихар, Дели, Гуджарат, Харьяна, Карнатака, Мадхья-Прадеш, Махараштра, Раджастхан, Тамилнад, Уттар-Прадеш және Батыс Бенгалия тәрізді өңірлері көш бастап тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы