Вакцинация. Жоспарланған 9 млн халықтың 6 млн-нан астамы екпе алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқармасы төрайымының орынбасары Айнагүл Қуатбаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Айнагүл Қуатбаева өңірлерде көрсеткіштер бойынша ерекшеліктер бар екенін айтты.Биылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Жалпы халықтың 9 млн-нан астамына екпе салу жоспарланған еді. 2 қыркүйектегі жағдай бойынша вакцинаның алғашқы компонентін 6,7 млн адам алды. Бұл жоспарланған контингенттің 67,7 пайызын құрайды. Екінші компонентті 5,5 млн адам алған. Бұл контингенттің 55,8 пайызын құрады, - деді ол.
Халықты вакцинаның алғашқы және екінші компонентпен қамту өңірлерде 67,7 пайызға дейін, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 80 пайызға жүзеге асырылды деуге болады. Бүгінде Қазқстан халқына вакцинаның 3-тен 5 түріне дейін қолжетімді. Өңірлердегі белсенділік те әртүрлі. Ірі қалаларда ол қарқынды жүріп жатыр. Медицина қызметкерлері вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді ол.
Айта кетейік, дөңгелек үстелде «Жолдау 2021: іске асыру жолдары» тақырыбы талқыланды.