Маман: Вакцинация – жаңа штамдардың пайда болуының алдын алудағы тиімді шара
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.
Оның айтуынша, вирустың таралуын төмендетудің ең тиімді шарасы – вакцина салдыру болып табылады.
Қазақстанда бүгінгі таңда негізінен COVID-19-ға қарсы 2 вакцина – Спутник V немесе Гам-Ковид-Вак, QazVac пайдаланылады, бірқатар өңірде аз мөлшерде Hayat-Vax SARS-CoV-2 және CoronaVac бар. Бүгінгі таңда COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен вакцинациялау жаңа штамдарға қарсы жеткілікті қорғауды қамтамасыз етпейді. Ал ұсынылған аралықты сақтай отырып, екінші компонентпен вакцинациялау кезінде ең алдымен аурудың ауыр ағымынан және COVID-19-дан өлімнен сенімді қорғау қамтамасыз етіледі. Инфекциядан жалпы қорғау «жабайы» штамға қарсы тиімділікке қарағанда айтарлықтай төмен емес, - деді Манар Смағұл.
Сондай-ақ вакцинациялау басталғалы бері суық тиіп ауыру деректері азайған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін вакцина салдырған соң жүкті екеніңізді білсеңіз не істеу керектігі туралы жазған болатынбыз.