Вакцинация. Жалған құжат жасаған ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалған ПТР-тест анықтамасын саудалаған ерлі-зайыпты жауапқа тартылды. Ақтөбе қалалық соты дәрігер мен оның күйеуін 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.
Тергеу кезінде облыс орталығындағы жеке медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін әйелдің «қатерлі дерттен құлан таза» деген анықтама әзірлегені белгілі болды.
Делдалдық қызмет көрсеткен күйеуі құжаттарды шекарадан өтпекші болған 11 адамға 7 жарым мың теңгеге саудалаған. Сот тергеуінде олар кінәсін толық мойындады.
ҚР ҚК «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша жасалған іс-әрекеттер» бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен Кундолов пен Маханова қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 200 АЕК мөлшерінде, 555 600 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ - деді Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Анар Айтжанова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халық санағы-2021. Елордада жаңа жұмыс орындары ашылады
Өзгелердің жаңалығы