Вакцинация. ШҚО-да жалған құжат жасағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жалған вакцина паспорттарын жасаумен айналысқан дәрігер ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлан ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері ақша табу үшін заңсыз қадамға барған. 

Белгілі болғандай, ол тұрғындарға екпе салдырмай вакцина паспортын жасап отырды. Әуелі клиент тапқан дәрігер вакцинаны төгіп тастап, содан кейін базаға жалған ақпарат енгізген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ақ халаттыны қолға түсірді. 

Медицина қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жалған вакцина паспортын жасаумен айналысатындардың жолын кесу үшін жан-жақты мониторинг жүргізуде, - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы