Мұғалім вакцинация паспортын жасады деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті вакцинация паспортын қолдан жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олардың арасында жергілікті мектеп мұғалімі де бар, деп хабарлады zhaikpress.kz.
Полиция мәліметінше, 2021 жылғы 5-15 маусым аралығында облыс орталығындағы мектеп мұғалімі, 1984 жылғы азаматша COVID-19-ға қарсы жалған вакцинация паспортын жасатқан.
Аталған дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 3-тармағы (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы