Вакцинация паспортын сатып алғандар ақылы вакцина ала ма? Цой жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Цой псевдодәрігерлердің құрбаны болып, дұрыс ақпарат алмағандарды да ескеру керегін айтты.Қазір бұл мәселені азаматтық қоғам көтерді. Сарапшылар қарастырып жатыр. Ең алдымен, заңды бұзған медицина мамандары қатаң жазалануы керек. Қазір онымен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. Ондай деректер саны азайды. Қылмыстық істер де қозғалып жатыр. Бұл жерде әдістерді нақтылап жатырмыз. Халықты барынша вакцинамен қамтуды жүзеге асыру үшін бұл қажет. Әсіресе, заң мәселелерін қарастыру керек. Себебі адамдарда жауапкершілік болуы керек, - деді ол.
Министр процестің екі тарапына да қатысты мәселені заң бойынша шешетінін айтты.Бұл жерде кейбір адамдар осындай қауесеттердің жетегінде кетуі мүмкін. Қазір ондайлар азайды. Заң жүзінде бұл мәселені қалай шешуге болатынын қарастырып жатырмыз. Тұрғындар вакцинаның тиімділігіне көздері жетіп, бағалауды өзгертті, - деді ол.
Олар вакцинаны тегін әлде ақылы алуы мәселесі қарастырылып жатыр. Вакцинация паспортын сату мен алуға қатысты да мәселе қарастырылады, - деді Цой.