Вакцинация. 60 жастан асқан әрбір үшінші науқастың созылмалы сырқаты бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы №2 қалалық емхананың егу кабинетінің аға дәрігері Әйгерім Аймақова айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы №2 қалалық емхананың егу кабинетінің аға дәрігері Әйгерім Аймақова айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Егде жастағы адамдарда коронавирус инфекциясы көбіне ауыр өтеді. Сонымен қатар, 60 жастан асқан әрбір үшінші науқаста созылмалы аурулар бар: артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, созылмалы аурулар вакцинацияға қарсы көрсетілімге жатпайды. Керісінше, олар коронавирустық инфекцияның ағымын нашарлатуы мүмкін, бұл вакцина алуға себеп болып табылады.
Вакцинация созылмалы аурудың өршуі болған жағдайда ғана кейінге қалдырылады. Қант диабеті жағдайында инсулин деңгейін өлшеу керек. Егер көрсеткіш асып кетсе, біз жергілікті терапевтке жібереміз. Әрі қарай терапевт шешім қабылдайды. Тексеру кезінде біз анамнез жүргіземіз. Егер вакцинаның бір компонентіне аллергиялық реакциялар болса немесе бірінші компонентке аллергиялық реакция болса: анафилактикалық шок, Квинке ісінуі болса вакцина алуға болмайды. Сонымен қатар, егер онкологиялық науқастарға химиотерапия жүргізілсе, ісікке қарсы препараттар қабылданса екпе алуға болмайды, себебі мұндай жағдайларда иммунитет әлсірейді, - деді Әйгерім Аймақова.
Айтпақшы, егде жастағы адамдар үшін вакцинацияға арнайы дайындық жүргізілмейді. Вакцинация алар алдында қатты алаңдап, қобалжитын науқастар болады. Оларды егу бөлмелерінің дәрігерлері терапевтке жібереді.
Вакцинацияға егде жастағы адамдар жоғары қан қысымымен - 140 мм. т. с. с. келген жағдайлар болды. Мұндай науқастарға біз тіл астына "Каптоприл" береміз және қысым төмендегенше 25-30 минут күтеміз. Егер қысым сол күйінше сақталса немесе тіпті көтеріліп кетсе, онда біз вакцинацияға уақытша тыйым саламыз. Мұнда учаскелік дәрігер науқасты есепке алады немесе ем тағайындайды. Кейде адамдардың өздері жоғары қысыммен жүретіндерін білмейді. Учаскелік дәрігер қысымды түзету үшін 2 аптаға уақытша медициналық көмек бере алады, - деп түсіндірді дәрігер.
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07
- Алматы тауларындағы әлемдік деңгейдегі курорт: Не салу керек, нені сақтау қажет? 17:50
- 2026 жылы Қазақстанда АӘК тағайындау тәртібі қалай өзгерді және әдістеме қалай жұмыс істейді? 17:30