Вакцина жасаған ғалым пандемия аяқталар мерзімді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекцияның таралуын азайту үшін ұжымдық иммунитет қажет, оны екі жолмен қалыптастыруға болады.

Коронавирустық пандемия 2021 жылы аяқталады, бірақ вирустың өзі қалады, деді Ресей ғылыми орталығының басшысы Вектор Ринат Максютов «Science Bar Hopping» онлайн-фестивалі аясында, деп жазады РБК.

Инфекцияның таралуы әлемдегі халықтың едәуір бөлігі ауырып болған кезде немесе жаппай вакцинацияның арқасында ұжымдық иммунитет пайда болған шақта ғана төмендейді. Бұл үшін Ресей халқының кем дегенде жартысы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғаны жөн, - деп атап өтті Ресейдің екі Сovid-19 вакцинасының бірін жасаған орталық басшысы.

Бұған дейін Ұлыбритания алдағы бірнеше күнде коронавирустық вакцинаны тіркеп, 7 желтоқсанда вакцинацияны бастайтыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары «United Airlines» авиакомпаниясы Pfizer коронавирусына қарсы вакцинаны АҚШ пен Еуропадағы қоймаларға жеткізе бастағанын жазған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы