Вакцина салдырғаннан кейін жүктілікті жоспарлау үшін қанша уақыт өтуі керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.
Негізі жүкті әйелдерге вакцина салдыруға болмайды деген ереже бар. Ал егер вакцина алғаннан кейін әйел бала көтерген болса, онда оның еш зияны болмайды. Мұнда ананың ағзасында пайда болған антиденелер ертеңгі күні ана сүті арқылы балаға да тарайды. Сол себепті бұған аса қатты уайымдаудың қажеті жоқ, - деді ол.
Спикер вакцина салдырғаннан кейін жүктілікті жоспарлау үшін қанша уақыт өтуі керек деген нақты зерттеу жоқ екенін айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, вакцинаның балаға зияны болмайды. Ғылыми жұмыстарда да мұндай қорытынды бар. Бір жылдан бері жағдайды бақылап келе жатқан мамандардың да жауабы осындай, - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, егде жастағы адамдар міндетті түрде екпе салдыруы қажет екенін, сонымен қатар, бір адам бірнеше вакцина түрін салдыруға бола ма, жоқ па екенін жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы