28 Шілде 2021 2021, 11:24

Вакцина салдырған соң қалай күтінген дұрыс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында №5 қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова айтты. Дәрігердің айтуынша, вакцина салдырған соң белгілі бір ережелерді сақтаған дұрыс.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында №5 Қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова айтты. Дәрігердің айтуынша, вакцина салдырған соң белгілі бір ережелерді сақтаған дұрыс.

Вакцина салдырған соң 3 күн ішінде моншаға түсуге, алкогольдік ішімдік ішуге, күн сәулесінің астында қыздырынуға болмайтын көрінеді.

Өйткені вакцинаның әсері төмендеуі мүмкін. Оның үстіне, вакцинаның І компонентін алған соң шетелге шықсаңыз, ауырып қалу ықтималдылығы жоғары. Екінші компонентті салдырған соң Т-хелперлер иммунитетті толық бекітеді. Одан соң адамда толық иммунитет қалыптасады, - дейді Гүлзат Аманбайқызы.

Сондай-ақ вакцинаның ІІ компонентін алған соң да адамдар көп шоғырланатын ортаға бармай, сақтануға кеңес беріп отыр. Санитарлық-гигиеналық жағдайлардың бәрін сақтап, маска тағып, күтініп жүрген абзал. Дәрігер сонымен қатар коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін салдырған соң 100% ауырмаймын деген де қате пікір деп отыр. Сол үшін ІІ компонентті де салдырып, 40 күн бойы күтіну қажет дейді.

Дәрігер ауру ағымын бақылауда ұстау үшін күнделікті талдау жасалынатынын алға тартты.