Вакцина паспорты Ashyq жобасымен бірігеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифингте мәлімдеді.

Брифинг барысында ол осы аптадан бастап Ashyq жобасы Алматы тұрғындарына қандай артықшылықтар беретінін атап өтті.

КВИ-ге қарсы екпе алған азаматтар қосымшада «жасыл» мәртебеге ие болады, сондай-ақ қоғамдық орындарға шектеусіз бара алады,-деді Қошмамбетов. 

Сонымен қатар ол 4 маусымдағы жағдай бойынша Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер саны 1 700-ге дейін өскенін айтты.

Бұл жалпы ерікті қатысушылардың саны, жоба өзінің халыққа тиімділігін көрсетті. Бизнесмендер жобаға оң баға беріп, оның артықшылықтарын көріп, жобаға қосылғысы келеді, - деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы