Вакцина өндірушілердің оған магнит бөлшектерді әдейі қосатыны қаншалықты рас?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram-чаттарда қазақстандықтар вакциналар құрамында магнит бөлшектер бары екендігі туралы теорияны тағы да таратуда. Бұл жолы «дәлел» ретінде доктор Джейн Рубимен жүргізілген бейне сұхбат алынып отыр, ол магнит бөлшектер вакциналардан мРНҚ-ы адам ағзасындағы жасушаларға «итеру» үшін қажет деп мәлімдеді. Бұл жалған деп жазды stopfake.kz.

Шын мәнінде, Доктор Джейн Руби дәрігер емес. Ол өзі туралы денсаулық сақтау экономисі және психология докторы дәрежесі бар саяси сарапшы ретінде жазады.


Бұған дейін ол COVID-19 пандемиясына байланысты жалған ақпарат таратқан болатын. Бұл жолы ол вакцина жасаушылар COVID-19 алдын алуға арналған препараттар өндірісінде магнит бөлшектерді әдейі қолданатынын мәлімдеді. Вакцинацияланған адамдардың қолына магниттердің тартылу «құбылысын» ол осылай түсіндіреді. Магнит пен металл заттардың егілген адамдарға неге тартылатыны туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Қазіргі кезде ғалымдар ДНҚ вакциналарын өндіруде қолдануға болатын суперпарамагнитті нонобөлшектерді зерттеумен айналысуда. Алайда, бүгінгі күні ДНҚ платформасында жасалған бірде-бір вакцина жоқ. Сонымен қатар, суперпарамагнитті нанобөлшектерді қолдану тек зерттеу сатысында және дәрі-дәрмек өндіруде қолданылмайды.

Pfizer/BioNTech және Moderna сияқты мРНҚ вакциналарында липидті нанобөлшектер жасушаларға мРНҚ-ны жеткізу үшін қолданылады. Олар магниттік қасиетке ие емес және ағзаға зиян келтірместен қысқа уақыт ішінде ыдырайды.

Басқа вакциналарда, соның ішінде Қазақстанда қолданылатын екпелерде магнит бөлшектер жоқ. Олардың құрамымен мына жерден танысуға болады:

- Pfizer/BioNTech;
- Moderna;
- Janssen;
- Astra-Zeneca;
- Sputnik – V;
- Hayat-Vax (Sinopharm);
- QazVac.

«Магнит» вакциналар теориясын шетелдік фактчекерлер де жоққа шығарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы