Вакцина КВИ-мен ауырғандарда иммундық жауапты 50 есе күшейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай деректі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман алға тартты. 

Оның айтуынша, індеттен айығып тұрған адам вакцина салдырса, екпе оны әсіресе, дельта штамнан 10, тіпті, 50 есеге дейін қорғауға қабілетті.

 
Әлемде қазір 3 млрд астам дозаны құрайтын вакцина салыныпты. Соның нәтижесінде медицина саласында айтарлықтай тәжірибе де жинақталды. Адам коронавируспен ауырып тұрғанның өзінде шамамен 20%-да дельта штамның пайда болуына байланысты қайта инфекция жұқтыру байқалуда. Бұл дегеніміз организмде антидененің болуы олардың ауруды қайта жұқтырмауына ешқандай кепілдік бермейді деген сөз. Ауырып тұрған жандарға маман ретінде тағы бір рет вакцина салдыруға кеңес беремін. Тағы да ескертемін, антидене иммундық қорғаныстың негізгі өлшемшарты болып табылмайды. Организмді көп жағдайда қанда емес, сүйек кемігінде орналасатын иммундық жад жасушалары қорғайды, - дейді Алмаз Шарман.

 
Иммунологтың пікірінше, антидененің болмауы иммундық қорғаныс жоқ деген сөз емес. Керісінше, көп мөлшерде антидененің болуы иммундық жауаптың айтарлықтай көп екендігін білдірмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы