Вакцина алмағандарға айыппұл салынуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.

БАҚ өкілі қазір қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің алдында екі таңдау тұр: вакцина алу немесе апта сайын ПТР-тестілеуден өту. Еліміздің өзге азаматтары үшін вакцина міндеттеліп, оны алмағандарға айыппұл салынуы мүмкін бе деген сауал қойды.

Менің ойымша ПТР-тестілеуді емес, тұрғындар вакцина алуға басымдық береді. Халық өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды деп сенемін. Ал қалғаны эепидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Қазірдің өзінде нақты қадамдар жасалды. Қызмет көрсету сала қызметкерлерін вакцина алуға немесе ПТР-тестін тапсыруға міндеттедік. Бұл шешім кәсіпкерлердің бизнесті тоқтатпау туралы тілектерін ескерілуі нәтижесінде шығарылғанын атап өткім келеді, - деп жауап берді ол.

Оның айтуынша аймақтарда да нақты шаралар қабылданып жатыр. Ары қарайғы қадамдар мен айыппұл салыну-салынбауы да эпидемиологиялық жағдайдың өрбуіне байланысты болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы