Вакцина алған адамдарда иммунитет қабаты қалыптасады – Марал Қадыр

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Бірінші байлық» бағдарламасында эпидемиолог Марал Қадыр айтты.

Масканы шешіп жүру бойынша ешқандай негіз жоқ. Карантин кезінде маскасыз жүруге болмайды. Оған белгілі бір деңгейде тұрғындардың вакцинамен қамтылуының үлес салмағы керек. Қазір егілмеген адамдардың үлес салмағы жоғары кезде вакцина алғандарға да, алмағандарға да вирус жұғуы мүмкін. Сондықтан маска тағып жүру керек, - деді эпидемиолог.

Оның айтуынша, иммунитет қабаты түзілуі үшін тұрғындардың жоғары пайызы вакцинациямен қамтылуы керек.

Ондай кезде иммундық кедергі түзіледі. Мысалы, он адамның тоғызында вакцина болса, біреуінде болмай соған вирус жұқса, ол тасымалдаушыға айналады. Сол кезде вакцина салдырғаннан 9 адам ол вирусты өлтіріп, одан әрі таратуға тосқауыл қоя алады. Ал вакцина алмағандар арасында ол тез таралып, пандемияны ұзартады. Вакцина алған адамдарда иммунитет қабаты қалыптастады. Вирусты әрі қарай таратпайды. Біздің діттеген межеміз де – осы. Неғұрлым көп адам вакцина алса, соғұрлым иммунитет қабаты қалыптасады, - деді Марал Қадыр.

Айта кетейік, Маңғыстауда COVІD-19-ға қарсы екпе алу биыл 2 ақпанда басталды. Егер 5 айда вакцина алғандар саны 60 мыңнан асса, соңғы екі аптада 20 мыңға жуық адам ерікті түрде екпе салдырды. Осылайша, жыл басынан коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 80 мыңға жуықтаған. Өңірде ұжым болып екпе жасатқандар көбейген. Екпе жұмыстарын жүргізуге 547 медицина қызметкері аттестациядан өткізіліп, дайындалды.

Бұған дейін Марал Қадыр маңғыстаулық медицина қызметкерлері алғаш болып вакцина салдырғанын атап өткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы