Вагонның терезесі сынды: белгісіз біреулер пойызға тас лақтырған

Қырғызстанның Шу облысында Еуропадан келген туристер отырған пойызға белгісіз адамдар тас лақтырып, вандализм актісіне жол берді. Оқиға Кант — Аламедин теміржол учаскесінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қырғыз темір жолы" мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балықшы қаласынан келе жатқан жолаушылар пойызына жасалған шабуыл салдарынан бірқатар вагондардың әйнектері сынған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар, олардың бірі – пойыз бригадасының қызметкері.

Мемлекеттік кәсіпорын өкілдері бұл оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, вандализм жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіріп қана қоймай, Қырғызстанның халықаралық имиджіне де зиян келтіретінін атап өтті.

"Қырғыз темір жолы" кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақырып, мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс екенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы