V жазғы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы "Жекпе жек" сарайында V жазғы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы "Жекпе жек" сарайында V жазғы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті "Спортты дамыту дирекциясы" директорының орынбасары Алексей Крючков, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы Құралай Байменова, Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Республикалық орталық директоры Марат Қасқырбаев пен Ұлттық паралимпиада комитетінің маркетинг директоры Медет Байкен қатысты.
Марат Тоғжанов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ойдағыдай өтетініне сенім білдірді.
«Елімізде пара спорт қарқынды дамып келеді, оған дәлел біздің бірқатар спортшыларымыздың әлемдік ареналардағы жарқын жеңістері. Спортшыларымыз халықаралық және кешенді жарыстарды жоғары нәтижелер көрсетуде. Соның іншінде 2018 жылы өткен қысқы паралимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Калядин мен жүзуден паралимпиада ойындарының жүлдегері Зульфия Габидуллинаны мақтанышпен айтамыз», - деп атап өтті Алексей Крючков.
Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігі атынан Ақтөбе облысы әкімдігіне жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Салтанатты жиын барысында облыстық филармония өнерпаздары спортшылар мен қонақтарға өнерлерін ұсынды.
Паралимпиадалық ойындарда спорттың 6 түрі бойынша 500-ге жуық медаль сарапқа салынады.
Қазақстанның әр өңірінен келген 800-ден астам спортшылар спорттың алты түрі: отырып ойнайтын волейбол, пара дзюдо, оқпен ату, жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтинг бойынша бақ сынайды.
Төрт жылды бір өтетін дүбірлі дода ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.
- Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды 21:50
- Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз – "Жаңа адамдар" Қозғалысының көшбасшысы 21:19
- Фермерлер енді суды "жасырын" ала алмайды 20:49
- Алматыда 2000 адамды жұмыспен қамтыған жауапты бизнес қалай дамып жатыр? 20:23
- Атыраудағы әскери бөлімде сарбаз қаза тапты 20:01
- "Кастет болмаған": Жасөспірімдер төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды 19:48
- Иранның жаңа басшысы алғаш рет мәлімдеме жасады 19:31