Вьетнамда жаңа президент сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вьетнамның жаңадан тағайындалған президенті ант беріп те үлгерді. Енді ол елді 2026 жылға дейін басқарады.
Вьетнам Социалистік Республикасының ұлттық жиналысы (ВСР) 5 сәуірде елдің жаңа президентін сайлады. Ол Нгуен Суан Фук. Оны ұлттық жиналыс депутаттарының 97,5%-ы қолдады, деп жазады ТАСС.
Бұған дейін 67 жастағы Нгуен Суан Фук ВСР премьер-министрі қызметін атқарған. Ал жаңа президенттің алдында Вьетнамда Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Нгуен Фу Чонг ел президенті болған.
Ол коммунистік партияның бас хатшысы болып қайта сайланды және жаңа президенттік мерзімге өз кандидатурасын ұсынбады. 2021-2026 жылдар кезеңіне Мемлекет басшысы лауазымына кандидат болып Нгуен Суан Фук тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған мемлекет басшысы дауыс беру нәтижелері жарияланғаннан кейін бірден ант берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды
Келесі жаңалық
Құтқарушылардың қыс мезгіліне дайындығы тексерілді
Өзгелердің жаңалығы