Вьетнамда коронавирус індеті өршіді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вьетнамда тәулігіне 13 мыңға жуық жағдай тіркелді. Бұл COVID-19 инфекциясы таралуы жөнінен жаңа антирекорд.
Бір тәулікте 12920 адам вирус жұқтырған. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 25 тамызда 12096 вирус жұқтыру жағдайы анықталған. Пациенттердің барлығы дерлік ел ішінде індет жұқтырды.
Ең көп науқастанғандар Оңтүстікте анықталды: Хошиминде 5383 жағдай, Биньзонг провинциясында 4187, Донгнай провинциясында 996 жағдай. Осылайша Вьетнамдағы сырқаттанғандардың жалпы саны 410366 адамға дейін өсті, 10053 адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ернар Шымбаев бильярдтан әлем чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы