V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады – Балаева
Биыл елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланған. Оған әлемнің 58 елі қатысатынын растап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, премьер-министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылған.
Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады, - деді Аида Балаева.
Еске салсақ, бүгін құрылтайдың жұмыс секцияларының жиыны басталған еді. Министр Ұлттық Құрылтайдың алдыңғы отырыстары мен жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы