V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билеттері қашан сатылымға шығады

8-13 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қазіргі уақытта асық ату, ордо, арқан тарту, қазақ күресі, ашыртмалы аба гүреши, құраш, кораш, алыш, мас-рестлинг, дәстүрлі садақ ату сияқты жарыстардың түрлеріне билеттер онлайн-сатылымда бар, деп хабарлайды BAQ.KZ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.

5 тамыздан бастап барлық ниет білдірушілер үшін ойындардың ашылу салтанатына билеттер қолжетімді болады.

Халықтың кейбір санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Сонымен қатар дайындық аясында елорда осы ауқымды іс-шараның бірегейлігін көрсететін шағын архитектуралық нысандармен безендірілген.

Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы