"Ұзынағаш-Отар" автожолы арқылы жүру уақыты екі есе қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін тасжол толық 4 жолақты болады. 

"Ұзынағаш-Отар" автожолы Алматы мен Жамбыл облыстарын өзара байланыстыратын күре жол. 

Автожолдың жалпы ұзындығы 96 шақырымды құрайды, оның 80 шақырымы Алматы облысына қарасты.

"Қазіргі таңда учаскеде көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, жол айрықтарының, автобус павильондары мен 2 демалыс алаңының құрылысы жүргізілуде", - делінген хабарламада. 

Ағымдағы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына қарасты 16 шақырым бойынша, бір бағытта "жол қозғалысын" ашу жоспарланған.

Қайта жаңарту жұмыстарына жалпы 760 жұмысшы мен 360 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы