«Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған болуы керек) қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.
Конкурстың міндеттері:
дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және отбасына деген жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
- жастар арасында ұлттық, мәдени дәстүрлер мен отбасылық әулеттерге құрмет;
- жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;
- салауатты отбасылық демалысты ұйымдастыру;
- отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;
- жас отбасыларға қолайлы көңіл күй сыйлау;
- мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау.
Отбасылар мынадай жүлделерге ие бола алады:
1 орын – 500 000 тг
2 орын – 350 000 тг
3 орын – 250 000 тг
Өтініш беру үшін Telegramm мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет:
1. Сканерленген неке туралы куәлік;
2. Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі;
3. Байланыс мәліметтері.
4. Instagram аккаунты
5. «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик.