Үздік шетелдік компанияларға жұмысқа тұру мүмкіндігі кімде жоғары екенін айтылды

Халықаралық компаниялардан жұмыс табу үшін WorldSkills қозғалысының маңызы зор, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның йтуынша, елімізде WorldSkills қозғалысын дамыту шетелдік инвесторлар үшін жақсы белгі.

Халықаралық компаниялар елімізде WorldSkills қозғалысы өте жақсы дамығанын, ұлттық құраманың мүшелері жүлделі орындарға ие болғанын, басқа үздік ұлттық құрамалар қатарында тұрғанын байқаса, бұл елімізде жұмысшы мамандықтары бойынша мамандарды даярлау жоғары деңгейде жүргізіліп жатқандығының белгісі болып саналады. Елімізге келетін халықаралық компаниялар Қазақстан аумағында жобаларды іске асыру үшін жақсы мамандар таба алатынына сенімді бола алады, - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар ведомство өкілі WorldSkills чемпионатына қатысушылардың болашағы зор екеніне сенімді.

Чемпионат қатысушының әрқайсысы, жеңіске жетпесе де, осы жарысқа баруының өзі оның жоғары деңгейлі маман екенін білдіреді. Демек, оны кез келген халықаралық компания жұмысқа шақыруы мүмкін. Бұл жастардың болашағы зор, - деді Серік Жартыбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы