«Үздік педагог» байқауына жеке мектептер қатыспайды. Аймағамбетов себебін түсіндірді

Жекеменшік мектептің мұғалімдері неге «Үздік педагог» байқауына қатыса алмайды? Үкімет отырысынан соң Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Асхат мырза, жыл сайын «Үздік педагог» байқауы өткізіледі. Оның ережесінде жекеменшік мектеп қатыса алмайды. Жалпы, не үшін қатыса алмайды, - деп сұрақ қойды журналист.

Оқу-ағарту министрі бұл сұраққа былай жауап берді:  

Жекеменшік мектептер оған қатыса алмайды. Ереже сондай. Сондықтан қазір ешқандай өзгеріс болмайды. Ол өйткені біздің саясат. Біз сондай шешім қабылдадық, - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысынан соң. 

Сонымен қатар бүгін үкімет отырысында министр шахмат үйрететін білім беру ұйымдарын да қолдайтынын атап өтті.

Ол қазір факультатив ретінде 28 мыңға жуық балаға арналған 600 астам мектепте енгізілді. Ал мектептердегі шахмат секцияларда 200 мыңнан астам бала қамтылды. Федерациямен осы бағытта жұмыс жалғастырамыз, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: exclusive.kz
Өзгелердің жаңалығы