Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер болып, ұстаз білікті болмаса бәрі бекер – проректор

Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Рысбекова айты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы – бұл ел дамуының жаңа сындарлы векторларын айқындау. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында мемлекет басшысы ел дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде білімнің маңыздылығын тағы бір рет атап өтті. Біздің педагогикалық қоғамдастық үшін мектептердің функционалын нығайту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру туралы Президенттің ерекше тоқталғаны аса маңызды, - деді ол.

Ол Қазақстанның болашағы педагогикалық білімнің сапасына байланысты екені даусыз екенін айтады.

Президентіміз атап өткендей «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет». Бұл сөздер бізге тікелей қатысты, себебі Қазақстанның болашағы педагогикалық білімнің сапасына байланысты екені даусыз, - деді Жанар Рысбекова.

Жанар Рысбекова педагогикалық жоғары оқу орындарына мақсатты, дарынды жастарды тарту мәселесі аса өзекті екенін айтады.

Әсіресе, педагогикалық жоғары оқу орындарына мақсатты, дарынды жастарды тарту мәселесі аса өзекті. Мысалы, Америка, Еуропа және Азияның жетекші оқу орындарымен серіктестік тек білім алмасуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге жастарға педагогикалық мамандықты таңдауға қосымша ынталандырулар жасайды. Осындай халықаралық ынтымақтастықты біз өзімізде де белсенді дамытып жатырмыз, бұл болашақ мұғалімдердің дайындығының сапасын арттыруға ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда педагогикалық білімнің мәртебесін көтеруге де ықпал етеді. Біз, білім беру қауымдастығы ретінде, қойылған міндеттерді орындауға белсенді түрде қатысып, Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуына және оның ең жоғары стандарттарға сәйкес болуына барлық мүмкіндіктерімізді жұмсаймыз. Ортақ күш-жігеріміз арқылы балаларымыздың және бүкіл еліміздің лайықты болашағын қамтамасыз етеміз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы