19 Қараша 2024, 20:09
Фото: gov.kz
«Үздік дене шынықтыру педагогі» республикалық байқауы басталды
Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Барлығы аудандық, облыстық деңгейде іріктеуден өткен.
Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.
Байқау үш кезең бойынша өткізіледі: I тур – «Креативті педагог»; II тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы»; III тур – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».
Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сондай-ақ, арнайы номинациялардың иегерлеріне 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталады.
- Жылу ақысы қалай есептеледі? Қарашада тұрғындарға неге көп төлем келіп жатыр? 10:02
- Киімнің де цифрлық паспорты болады: Қазақстанда жаңа талап қалай енгізіледі? 09:43
- Қазақстан жерді қалпына келтіру ауқымы бойынша әлемде үшінші орынға шықты 09:28
- Алименттен бастап баспанаға дейін: Ерлан Қошановқа азаматтар қандай мәселелерді жеткізді? 09:09
- Шымкентте жаңадан төселген тротуар опырылып, бойжеткен шұңқырға құлап кетті 08:59
- Алматы тауларында үсіп қалған екі турист құтқарылды 08:58
- Brent пен WTI арзандады: мұнай нарығын не алаңдатып отыр? 08:53