Нұр-Сұлтанда үздік брендбук байқауы қайта жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі елорданың үздік брендбук жобасын анықтау бойынша шығармашылық байқауын қайта жариялайды. 

Бұл байқау жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. 

Дизайнерлер мен суретшілер, сондай-ақ бүкіл республика мен қала тұрғындары байқау аясында өз жұмыстарын жібере алады. 

Байқау 2019 жылдың 17 шілдесінен 2 тамызына (қоса алғанда) дейін жүргізіледі. 

Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 2 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсырулары керек: 

1. Брендбук нобайлары (нобайлар А4, А3 форматындағы түрлі-түсті қалың қағазда жасалуы тиіс);
2. Шығармашылық жұмысты сипаттайтын түсіндірме жазба. 

Қазылар алқасы дизайнерлерден, суретшілерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен құралады. Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 млн теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. 

Құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі,11, 528а, 535 кеңсе, тел.: 55-67-19, 55-67-07 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы