12 Қыркүйек 2022 2022, 09:10
Фото: polisia.kz
Ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Астанада Ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада Ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.
Олардың "бұзақылық" бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.
Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.