"Ұйқың тәтті болсын, бөпешім". Райм мен Ерке баласын бесікке салды
2023 жылы қарашаның соңында жұлдызды жұп Райм мен Ерке ұлды болған еді. Бүгін қос әжесі кішкентай Исламды бесікке салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында ұлы Исламды бесікке салу кезіндегі әдемі суреттерімен бөлісті. Айтуынша, әжелері “тыштымасын” жасап, бесік жырын арнаған.
Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Үйде өзіміз ғана болдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жауып, “тыштымасын” жасап, бәріміз бесік жырын айтып, бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ислам бесікке жатқанды жақсы көретін бала. Ұйқың тәтті болсын, бөпешім!, - деп жазды Ерке Есмахан.
Еркенің оқырмандары оның қазақи салт-дәстүрді насихаттап отырғанына дән риза болып, жылы жазбаларын қалдырып жатты.
Өте адемi көрiнiс. Салт-дәстүрiмiздi ұстанып, бесiкке салып жатырсыз! Үлкен жiгiт болып өсiп кетсiн ағасына ерiп, - деді Айдана Бақытжанқызы есімді желі пайдаланушысы.
Енді бірі Еркенің орамал тағып, баласын қазақша оюлары бар бесікке жатқызғанын атап өтіп, жүрекжарды тілектерін арнады.
Бесігі жайлы болсын, балапанның ұйқысы тыныш болсын. Барша күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын. Аллаһ бақыттарыңызды ұзағынан сүйіндірсін. Сондай үйлесімді, орамал таққан ана, қазақша оюлар, бесік. Нағыз қазақтың дәстүрін көрсетіп тұрсыз, - деп жазды Бағила Ахметова есімді оқырман.
Айта кетейік, былтыр қаңтар айында Ерке Есмахан мен Райм некесін қидыртып, отау құрған болатын.