Ұйқы қанбаса, ми жұмысын қалай жақсартуға болады?

Ұйқы қанбауы есте сақтау қабілетін нашарлатады және деменция қаупін арттырады, деп хабарлайды BAQ.KZ doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әлем халқының 40 пайызының ұйқысы қанбайды. Ұйқы ағзаның жұмысында шешуші роль атқарғанымен қоса, метаболизм мен ми қызметіне әсер етеді.

Дәрігерлер күніне 7-9 сағат ұйықтауға кеңес береді. Зерттеулердің бірінде 4-5 сағат ұйықтаған адамдар келесі күні шамадан тыс тамақтануға бейім екені анықталған. Себебі ұйқы жетіспеушілігі тәбетке жауап беретін гормондарға әсер етеді екен.

Яғни ұйқының жетіспеушілігі көбіне семіздікке әкеп соғады. Сонымен қатар, көп ұйықтамайтын адамдарда жүрек-қан тамырлары аурулары, депрессия және нейродегенератив бұзылулар, соның ішінде деменцияның қаупі жоғары. Өйткені ұйқы кезінде дене қалпына келеді және мидан зиян материалдарды, соның ішінде бета-амилоид ақуызды алып тастайды. Бұл - Альцгеймер ауруына тән белгі. Сонымен қатар, ми жұмысындағы өзгерістер үш түн ұйқы болмағаннан кейін пайда болады.

Қытай ғалымдары тышқандарға тәжірибе жасаған. Эксперимент кезінде тышқандар уақыттың 96 пайызында ояу болыпты. Нәтижесінде осы режимнің төрт күнінен кейін кеміргіштерде қабыну байқалып, жануарлардың 80 пайызы өлген.

Адам тіпті бір түн ұйықтамаса да, өзін-өзі бақылау, жад және когнитивті икемділік сияқты атқарушы функциялардың өнімділігі төмендейді. Дегенмен ғалымдар ұйқы тапшылығы кезінде мидың жұмысын жақсартудың жолын тапты. Когнитивті өнімділікті жақсарту үшін зерттеушілер қалыпты физикалық белсенділікті ұсынады.

Орташа қарқынды жаттығулар және кем дегенде ұзақтығы 20 минут болуы қажет, алайда 2 сағаттан ұзақ уақытқа созылған жаттығулар когнитивті функцияға оң әсер етеді", - деп қорытындылады зерттеушілер.

Ғалымдар жүргізген экспериментке екі топқа бөлінген 12 ерікті қатысқан. Бір топ үш түн 5 сағаттан ұйықтауы қажет болды. Ал екінші топ бір түн мүлдем ұйықтамаған.

Зерттеу нәтижелері бойынша ғалымдар еріктілердің ми жұмысының қарқыны төмендегенін анықтаған. Кейін экспериментке қатысушылар дәрігерлердің бақылауымен 20 минут велосипедпен айдауы, содан кейін ақыл-ой қабілетін тексеру үшін жеті тапсырманы орындауы қажет болды.

Осылайша, ғалымдар бір сағаттың үштен біріне тең уақыттағы қарапайым жаттығу ми жұмысын жақсартуға және ұйқысыздықтың зиян әсерін қорғауға қабілетті деген тұжырымға келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы