19 Сәуір 2025 2025, 05:28 Фото: pixabay

Үйлену тойында отырып уланған 25 адам ауруханаға жеткізілді

Бакуде үйлену тойынан кейін улану белгілерімен 25 адам клиникалық медициналық орталыққа жатқызылды.

Бакуде үйлену тойынан кейін улану белгілерімен 25 адам клиникалық медициналық орталыққа жатқызылды. Бұл туралы Азербайжанның медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірлестік өкілі Замира Әділованың айтуынша, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Улану фактісі Бакудегі салтанат үйлерінің бірінде өткен үйлену тойында тіркелген.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Медициналық мекеме зардап шеккендердің нақты санын жариялаған жоқ.