1 Желтоқсан 2025 2025, 21:27
Фото: pixabay.com
Үйлену тойынан бірнеше сағат өткен соң күйеу жігіттің жүрегі тоқтап қалды
31 жастағы күйеу жігіт алғаш отбасын құрған күні қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.
Үндістанның Пусла ауылында 31 жастағы Амол Пракаш Годбоуле алғаш отбасын құрған күні қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.
Үйлену рәсімі ғибадатханада өткен. Қонақтардың айтуынша, той өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Алайда қуаныштан кейін бірнеше сағаттан соң жігіттің денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған.
Күйеу жігіт дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Деректерге қарағанда, жас жігіттің жүрегі кенеттен тоқтап қалған.